in

"Қатты ыстық, нөсер, найзағай": демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

13-14 маусымда Қазақстан аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнаса, еліміздің батыс, оңтүстік өңірлерінде күн қатты ысиды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған astana24.com.

13 және 15 маусымда Қостанай облысында, 15 маусымда Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қатты жаңбыр жауады деп болжанады.

Бүкіл кезең бойы еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, ал 15 маусымда оңтүстік-батысында бұршақ жауып, дауылды жел соғуы мүмкін. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.

Күндіз бүкіл кезең бойы Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында, 14-15 маусымда Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында және Жетісу облысында, 15 маусымда Атырау облысында қатты ыстық сақталады. Ауа температурасы +35…+38°С дейін көтеріледі.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз