in

Қытай ЖОО-ларына оқуға қабылданған қазақстандықтардың тізімі жарияланды

Қытайдың жетекші ЖОО-ларына оқуға қабылданған қазақстандықтардың қорытынды тізімі жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

2025-2026 академиялық оқу жылында 44 қазақстандық грант иегері атанды және Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарында оқуға қабылданды. Оның ішінде білім беру саласындағы халықаралық келісім шеңберінде – 35 адам, ал Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының стипендиясы шеңберінде – 9 адам бар. 

Ғылым және жоғары білім министрлігі мәліметінше, грант академиялық оқу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыру шығындарын өтейді. Бұған қосымша білім алушы жастарға ай сайын стипендия қарастырылған. 

Оқу ағылшын немесе қытай тілінде өтеді. Сонымен қатар Қытай Халық Республикасы үміткерлерге стипендия тағайындау туралы соңғы шешімді қабылдайды. 

“Грант иегерлерінің толық тізімін bolashak.gov.kz ресми сайтынан көре аласыздар. Егер сіз оқуға қабылданғандардың тізімінде болсаңыз, онда күнтізбелік 60 (алпыс) күннің ішінде оқуға арналған шартты жасасу үшін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жүгінуіңіз қажет», – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.