Әнші Ерке Есмахан күйеуі, әнші Раймның жомарттығы жайлы сөз қозғады, – деп жазды Aikyn.kz.
Әншінің айтуынша, күйеуі қанша жақсылық жасаса да, жұртқа көрсеткенді құптамайды.
«Ол дәулетті. Бірақ көзге көрсетпейді, мақтандырмайды. Мен кейде мақтанғым келеді. Бірақ ол рұқсат етпейді. Жақындарына көп сыйлық береді. Бір-бір машина алып берген. Мен “Жұрт Райм тек әйеліне береді деп ойламасын, туыстарына жасаған жақсылығын да көрсек” деймін. Ол келіспейді. Сондықтан “беріп жатырмын” деген пост күтпеңіздер. Ол бәрін Алла разылығы үшін жасайды», – деді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.