in

Алматыдан ұшқан ұшақ шұғыл Атырауға қонуға мәжбүр болды

Оған қарсы соққан жел себеп болған. Бұл туралы әуе компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Atyrau Online Telegram арнасында Air Astana ұшағы шұғыл түрде Атырау әуежайына қонуға мәжбүр болғаны туралы ақпарат жарияланған. Ұшақ Алматыдан Лондонға бет алғаны хабарланған.

“Алматы-Лондон бағыты бойынша КС663 рейсімен ұшқан Air Astana ұшағы қарсы соққан желдің кесірінен жүктеме бойынша шектеулерді болдырмау үшін отын құю мақсатында Атырауға қонды”, – деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Айта кету керек, бұған дейін Астанаға жақын Жоламан әуеайлағы маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам мерт болғанын жазған едік.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.