in

Алматыда балалар үйінде кәмелетке толмаған қызды зорлаған

Алматыда жетім балаларға арналған мемлекеттік мамандандырылған “Жанұя” кешенінде зорлау фактісі орын алғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Бұл туралы Stan.kz сайты EGOV.PRESS Telegram арнасына сілтеме жасап, хабарлады.

Олардың мәліметінше, мекеме әкімшілігі бұл оқиғаны жай ғана әкімшілік құқықбұзушылық ретінде қарастырған.

“Алайда біздің дереккөздер бұл жағдайдың зорлау дерегі болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Қалалық Полиция департаментінен шара қолдануды сұраймыз”, – деп жазған парақшаға. 

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғада шынымен зорлау фактісі болғанын растады. 

“Бұл оқиға бойынша тергеуді 2023 жылы Медеу ауданының Полиция басқармасы жүргізген. Тергеу барысында болған жағдайдың мән-жайы анықталды. Тергеу нәтижесінде қылмыстық іс сотқа жолданды. Сот үкімімен кәмелетке толмаған күдікті кінәлі деп танылып, оған Қылмыстық кодекстің сәйкес бабына сай жаза тағайындалды. Аталған істі қарау кезінде процестің кәмелетке толмаған қатысушыларының құқықтарын қорғауға қатысты заңда көзделген барлық кепілдіктер сақталғанын атап өтеміз”, – делінген хабарламада.