Қазір қаладағы 36 емханаға арнайы контейнер қойылды . Препараттар отқа жағылады. Оларды жоюмен мамандандырылған мекеме айналысады. Бейнебақылау жасалып, тұрақты түрде есеп берілмек. Емхана дәрігерлері де дайындықтан өтті. Енді тұрғындарға осы бастама туралы үнемі хабарлап тұрады.
24.kz ақпаратынша, алдағы уақытта ескірген дәрі-дәрмекті қабылдау орындарының саны 41-ге дейін көбейеді. Уақыты өткен препараттарды тапсырғаны үшін ешқандай ақша төленбейді. Десе де, жоба авторлары болашақта қоғамдық ұйымдар мен жеке компанияларды тартып, адамдарды ынталандыруды жоспарлап отыр.
Дәрі-дәрмектер ауруға ем болғанымен, қалдығы табиғатқа қауіпті. Сондықтан оны қоқысқа тастай салуға болмайды. Мамандардың айтуынша, өткен жылы елде 1,46 млрд қорап дәрі-дәрмек сатылған. Былтыр экологтер «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында сынақ ретінде ескірген дәрілерді жинап көр ген . Алматылықтар бірнеше айда 122 келі мерзімі өткен препарат тапсыр ған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.