in

Алматы-Бішкек тасжолында жол апаты болды: бес адам қаза тапты

Салдарынан бес адам қаза тауып, төрт жолаушы зардап шекті. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаменті мәлімдеді.

sergek.kaz Instagram парақшасында Алматы-Бішкек тасжолында болған жол апатының кадрлары жарияланды. Жол апатынан жеңіл көлік пен жүк көлігіне зақым келген. Сонымен бірге жүк көлігінің тіркемесі өртке оранды.

Жарияланымға қатысты Алматы облысы Полиция департаменті өкілдері пікір білдірді.

“Алдын ала дерек бойынша Mitsubishi Pajero автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Toyota Highlander көлігіне, сосын тіркемесі бар DAF жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан оқиға орнында Mitsubishi Pajero көлігінің төрт жолаушысы және Toyota Highlander көлігінде отырған бір жолаушы  – бес адам көз жұмды. Қалған жолаушылар медициналық мекемелерге жеткізілді”, – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.