Марқұм Шерзат Полат ісі арқылы көпшілікке танылған заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ол шетте жүрген қандастарымыз елге оралғанын айтты.
«Тарыдай шашылған қазағымызды түйірлеп жинауға тура келіп отыр. Қаншама шаршағаның, баласы үшін шырылдаған ананың қуанған көз жасын көргенде әп-сәтте жоқ болып кетеді екен. Алланың қалауымен міне, Украинадағы соғыстың құрбаны болып кетуге сәл-ақ қалған, одан қалса Ресей Федерациясында темір торға тоғытылған балаларымыздың 21-шісін елге алып келдік. Бұл жолы бірден үш бала келді. Қуанышымызда шек жоқ. Қуанышыңмен бөліссең көбейеді деуші еді. Бөлісе отырайық. Қазағымның қуанышы көбейе берсін. Аналар тек қуанышқа жыласыншы», – деп жазды заңгер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ (@meir_halyq_zangeri)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.