in

Астанадағы автобус апаты: дәрігерлер 8 жастағы қыздың аяғын кесуге мәжбүр болды

Қазір зардап шеккен 3 адам ауруханада жатыр, – деп жазды  Aikyn.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Екі науқас жансақтау бөлімінде. Соның бірі – 8 жастағы қыз. Дәрігерлер оның екі аяғын да кесуге мәжбүр болған. 

Автобус тізгінінде болған 37 жастағы азамат қамауға алынған. 

Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Айта кетейік, қайғылы оқиға Республика даңғылы бойындағы «Самал» ықшамауданы маңайында болған. Маневр жасамақ болған қоғамдық көлік жүргізушісі бағанаға келіп соғылған. 

Қазір оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.