Астанада ер адам әйелді екі баласының көзінше өлтірген, – деп жазды Aikyn.kz.
Бұл туралы журналист, блогер Алексей Алексеев әлеуметтік желіде жазды. Оның айтуынша, оқиға 19 маусым күні болған.
«Бұл екі бала енді анасын тек суреттен көреді. Астанада ер адам бірге тұратын әйелді пышақтап, өзі 25-қабаттан секіріп кеткен. 1989 жылы туған ер адам мен 31 жастағы Самалдың арасында жанжал туындаған. Ол пышақ алып, балаларының көз алдында “сүйіктісіне” соққы бере бастаған… Әйел жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Ал өзі 25-қабаттағы терезеден секірді… Көлікке құлап, аман қалған. …Самалдың ажырасқанына 6 жыл болған. Жоспары көп еді, ұлдарын қатты жақсы көрді және олар үшін қолынан келгеннің бәрін жасады… Иманды болсын, көңіл айтамын…», – деп жазды журналист.
Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты іс қозғады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.