in

Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалыс шектелді

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылының Сарайшық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі аралығына орташа жөндеу жүргізеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты, 15 маусымға дейін аталған учаскедегі қозғалыс ішінара кезең-кезеңмен жабылатын болады. Бұл ретте көлік қозғалысы бірінші әуежайдан қалаға қарай, кейін қаладан әуежайға қарай бір бағытта ғана ұйымдастырылатын болады.

Айта кетерлігі, 2023 жылы Тұран даңғылының Тұлпар көпірінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскесінде, сол сияқты 2024 жылы Керей-Жәнібек хандар көшесінің Жұлдыз айналымына дейінгі учаскесінде жұмыс жүргізілген.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.