Қала тұрғындары мен қонақтары оны Ботаникалық бақ маңында OPEN AIR концерті аяқталғаннан кейін тамашалай алады.
«Астанада елорда күніне орай мерекелік салют атылады. Фейерверк демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады», – делінген әкімдіктің ақпаратында.
Отшашудың басталу уақыты – шамамен сағат 23:00. Ол отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсететін мерекелік OPEN AIR концертінен кейін Ботаникалық бақ аумағында атылады.
Еске салайық, 6 шілдеде Қазақстанда Елорда күні мерекесі тойланады. Бұл мерекеге орай Астанада жыл сайын жүзден астам әртүрлі бағыттағы іс-шара өтеді. Биыл да қала тұрғындары мен қонақтарына арнап ерекше оқиғалар, концерттер, шоулар, қойылымдар, акциялар, көрмелер, спорттық турнирлер және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.