in

Астанада Парламент Сенаты мен Қазақстан Ұлттық банкінің бірлескен оқыту курсы басталды

Жоба аясындағы алғашқы дәрісті Палата Спикері Мәулен Әшімбаев пен Ұлттық банктің Төрағасы Тимур Сүлейменов оқыды.

Мәулен Әшімбаев мемлекеттің экономикалық саясатының тиімділігін арттыруды көздейтін міндеттерді нәтижелі іске асыру және жаһандық экономикалық тәртіптің өзгеруі жағдайында жаңа сын-қатерлерді еңсеру үшін талдамалық дағдыларды дамыту айрықша мәнге ие екеніні айтты.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ақша-несие және фискалдық саясат арасындағы теңгерімсіздіктерді жою керектігін бірнеше рет атап өтті. Бұл бағыттағы іс-әрекеттер сенімді деректерге, тыңғылықты талдауға және сапалы сараптамаға негізделуі қажет. Осы ретте жаңадан қолға алынып жатқан оқыту курсы Ұлттық банк шешімдерінің қалай қабылданатынын, олардың инфляцияға, жұмыспен қамтуға, инвестицияларға, жинақтарға және елдің экономикалық өсуіне қаншалықты әсер ететінін түсінуге, осы бағытта тәжірибе жинауға жақсы мүмкіндік екені анық»,   – деді Мәулен Әшімбаев.

Жоғарғы Палата төрағасы   жобаны ұйымдастырғаны үшін Ұлттық Банк командасына, сондай-ақ, ерікті негізде өз білімдерімен бөлісуге дайын болған дәріскерлерге алғыс айтты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.