Барлығы 31 жол-көлік оқиғасы болған. Оның 18-іне кәмелетке толмағандар себепші болды. Осы орайда бас қалада арнайы рейд жұмыстары жалғасып жатыр.
Жаңа оқу жылы алдында, әсіресе, балалардың қауіпсіздігіне көңіл бөлінеді. Сондықтан тәртіп сақшылары мектеп маңында профилактикалық шараларды күшейтті.
«Самокатпен жүру белгілі бір қауіп-қатерге толы: жылдамдықты асыру, жолды белгіленбеген жерден кесіп өту, бағдаршамның сигналдарын елемеу – мұның барлығы самокат жүргізушілерінің өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндіреді. Елорда полициясы азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жолдағы қауіпсіздіктің әрбір адамның тәртібіне байланысты екенін ұмытпауға шақырамыз», – Астана қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Әділбеков.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.