in

Астанада халықаралық іздеуде жүрген 38 жастағы ресейлік ұсталды

Ол Ресейдің Новосібір қаласында адамдарды әдейі көлікпен қаққан деген күдікке ілінген, – деп хабарлайды Аikyn.kz Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.

Оқиға 10 тамызда Новосібірдегі бір дәмхана маңында болған. Жүк көлігінің жүргізушісі мен дәмхана қонақтарының арасында жанжал шығып, біраз уақыттан кейін ол көлігімен қайта оралып, адамдар тұрған жаққа екі рет кері жылжыған. БАҚ мәліметінше, жүргізуші әдейі әрекет еткен.

Оқиғадан кейін ер адам қашып, Қазақстан шекарасынан өтіп кеткен. Ол мемлекетаралық іздеуге жарияланып, сот күдіктіні сырттай қамауға алды.

14 тамызда Астана криминалдық полициясы күдіктінің орналасқан жерін анықтап, оны ұстады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Күдіктіге қатысты “екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу” бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір оны Ресейге экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.