Байқоңыр ауданында Алаш тасжолы маңында жиналған қоқыс өртеніп, өрт 1,8 мың шаршы метр аумақты қамтыған.
«ТЖМ күштері 1,8 мың шаршы метр аумақтағы өртті толықтай сөндірді», – делінген ТЖМ ақпаратында.
Министрліктің мәліметінше, өртті сөндіруді қоқыстың көптігі қиындатқан. Оқиға орнында Астана қалалық ТЖД-ның 54 маманы мен 9 техникасы жұмыс істеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.