in

Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады

Бүгін Астана қаласындағы Жоламан әуеайлағы маңында оқу-жаттығу барысында TL-2000 жеңіл моторлы ұшағы апатқа ұшырады.

Ұшақ жеке тұлғаға тиесілі болған. Алдын ала мәлімет бойынша, әуе кемесінде болған екі экипаж мүшесі оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі таңда оқиғаның нақты себептерін анықтау үшін қолданыстағы ережеге сәйкес авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеу жөніндегі арнайы комиссия құрылатын болды.

Көлік министрлігіне қарасты көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің қызметкерлері апат орнына аттанды. Тексеру жұмыстары басталды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.