Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Астана әуежайында жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты 1-4 қыркүйек және 8 қыркүйек-31 қазан аралығында ұшу-қону жолағы уақытша жабылады. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады. Осыған байланысты рейстердің кестесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Ал 5-7 қыркүйек аралығында әуежай қалыпты режимде жұмыс істейді. Жөндеу жұмыстары ұшу қауіпсіздігін және әуекомпаниялар мен жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында аэродром инфрақұрылымын жоспарлы жөндеу аясында жүргізіліп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.