in

Атырауда автобус жүргізушісі кішкентай баланы қағып кетті

Атырау облысында жол-көлік оқиғасынан бала қаза тапты, – деп хабарлайды Аikyn.kz  MADENIPORTAL.KZ-ке   сілтеме жасап.

30 тамызда сағат 13:30 шамасында Тасқала ықшамауданында қайғылы жол апаты болды. Автобус аялдамасының жанында 2015 жылы туған жасөспірім жолды кесіп өтпек болған сәтте көлік астына түсіп қалды.

Дәрігерлердің бар күш-жігеріне қарамастан бала жедел жәрдем көлігінде алған жарақатынан көз жұмды.

Полиция тұрғындарды жолды тек жаяу жүргіншілер өткелінен өту қажеттігін, көлік жүретін аумаққа жақындағанда барынша сақ болуды, ал жүргізушілер аялдамалар мен тұрғын үй аумақтарының маңында жылдамдықты міндетті түрде төмендетуі тиіс екенін ескертеді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.