Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оның 200 гектары өздігінен сөнсе, 50 гектарын өрт сөндірушілер мен резерват қызметкерлері өшірді. Қазіргі таңда шамамен 30 гектар жерде өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Өрттің түнде таралуының алдын алу үшін 20 км аумақта минералды жолақтар жасалған. Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп тұр.
Өрт сөндіруге 85 адам, 13 техника және 2 қайық жұмылдырылған. Елді мекендерге қауіп жоқ.
Өрт сөндіру жұмыстары батпақты, қамысты жерде қозғалыстың қиындығына байланысты күрделеніп отыр, – дейді мамандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.