Құлсарыда жанармай бекетінде жарылыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.
14 адам зардап шегіп, 2 адам көз жұмды. Атырау облысының Құлсары қаласында 30 мамырда сағат 18:45 шамасында газ-ауа қоспасы жарылды.
ТЖД 14 адамның зардап шеккені және екі адамның көз жұмғаны туралы хабарлады.
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Құлсары қаласындағы «Ниет» жанар-жағармай құю бекетіндегі жарылысқа байланысты жедел штаб отырысын өткізді. Жарақат алғандарға көмек көрсету үшін облыс орталығынан күйік орталығының мамандары жіберілді. Облыс әкімі Төтенше жағдайлар департаментіне өртті оқшаулап, оның салдарын азайту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету тапсырмасын берді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.