«Ақ Жайық» табиғи резерваты аумағында 600 гектар алаңда қамыс өртенді.
Оқиға орнына 82 адам жұмылдырылып, 17 техника және ТЖМ-нің тікұшағы тартылды. МИ-8 тікұшағы 9 мәрте су төгіп, жалпы 27 тонна су шашты. Өрт елді мекендерге қауіп төндірмейді.
Қазірде 300 гектар аумақта қызыл жалынды сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.