in

Ауа райы бұзылып, Ұлытау және Қызылорда облысында жол жабылды

ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Бүгін, 18 ақпан сағат 21:00-де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі: 

Ұлытау облысы: 

– «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 216 — 424 шақырым аралығы (Қызылорда облысының шекарасынан — Жезқазған қаласына дейін). 

Қызылорда облысы: 

– «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 12 — 216 шақырым аралығы (Қызылорда қаласынан — Ұлытау облысының шекарасына дейін). Жолды 2026 жылғы 19 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған. 

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.