in

Ауа райы күрт бұзылды: екі облыста жол жабылды

ҚазАвтоЖол үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Павлодар облысында ауа райының бұзылуына байланысты келесі облыстарда көліктің барлық түрінің қозғалысына 2025 жылғы 7 қараша сағат 20:00-де шектеу қойылады: 

Қарағанды облысы: 

– “Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті” автожолының 1067-1135 шақырым аралығы (Молодежный ауылы – Павлодар облысының шекарасы); 

– “Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара” автожолының 231-324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара ауылы). 

Ақмола облысы: 

– “Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы” автожолының 16-200 шақырым аралығы (Астана қаласы – Павлодар облысының шекарасы). 

Жолды 2025 жылғы 8 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған. 

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.