in

Ауа райы күрт бұзылып, Солтүстік Қазақстан облысында жол жабылды

“ҚазАвтоЖол”  Солтүстік Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін, 17 ақпан сағат 21:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі: 

– «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңажол бақылау-өткізу пункті)» автожолының 367-473 шақырым аралығы (Келлеровка ауылы – Бескөл ауылы); 

– «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы (Қайрақ бақылау-өткізу пункті)» автожолының 407-429 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Чистополье ауылы). 

Жолды 2026 жылғы 18 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған. 

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.