in

Ауылдағы еңбек алға бастырады

Өңірде аграрлық саланы әр­тарап­тандыру мен қайта өңдеуді кү­шейту бағытында маңызды істер қол­ға алынған. Биылғы орақ мау­сы­мы ауыл үшін ерекше серпінмен бас­талды. Егіс даласында тех­ни­ка­лар тынымсыз жұмыс істеп, жаңа агротехнологиялар енгізілуде. 

Бүгінде аймақта мал бордақы­лау алаңдары мен сүт фермалары­ның саны көбейіп, ауыл шаруашы­лы­ғы өндірісі жаңа деңгейге шық­ты. Нұра ауданының Көбетей ауылында еуропалық стандарттарға сай жаб­дық­талған сүт-тауар фермасы ашыл­ды. 1 100 басқа арналған ны­сан­ның инвестициялық жобасын «Ра­мадан МФ» ЖШС «Чер­ни­говс­кое и К» ауылшаруашылық кә­­­­­сіп­орны­мен бірлесіп жүзеге асыр­ған. Ферма жылына 9 мың тон­на сүт өндірмек. 

Сонымен қатар Осакаров ауда­нын­да заманауи сүт-тауар ферма­сы­ның құрылысы басталды. Құны 30 млрд теңгеден асатын бұл ау­қым­ды инвестициялық жоба  елі­міз­дегі сүтті мал шаруашылығы са­­­ла­сын­дағы ең ірілерінің бірі бол­мақ. 

Фермада келешекте 6 мың сауын сиыр ұсталады. Ол үшін жеке жем­шөп қоры дайындалады. Бү­гінде  1 мың гектар жерге жү­ге­рі мен жоңышқа егілген. Ауқым­ды ауыл­шаруашылық кешені өңір­дегі сүт өң­деу кәсіпорындарын ши­кізатпен қамтамассыз етеді. Сөй­тіп, им­порт­қа тәуелділікті азай­тады.

– Бізге өнімділікті арттыру үшін бірінші кезекте мол жемшөп қо­ры қажет. Биылғы маусымда суар­малы алқаптарды 4,5 мың гек­тарға, ал жыл соңына дейін 10 мың гек­тарға жеткіземіз. Жоба үш жыл­да кезең-кезеңімен жүзеге асады. Ал­дымен 1200, сосын 2400, кейін ферма жұмысы жолға қойылған соң 6000 сауын сиыр ұстаймыз. Фер­маға Ресейден голштин-фриз тұ­қымды сиырлар жеткізіледі. Олардың біреуі күніне 40 литрге дейін сүт береді. Осылайша, об­лыс­тағы фабрикаларды сүтпен қам­та­масыз етіп отырады. Ол үшін фер­маға неміс технологиясымен жұ­­­­мыс істейтін заманауи сауын ап­­параттары, өзге де қажетті қон­ды­рғылар орнатылады, – дейді «Ев­разия Инвест LTD» ЖШС құрыл­­тайшысы Иван Георгиади.

Мемлекет ұсынған жеңілдетіл­ген несие, субсидия мен инвес­ти­ция­лық жеңілдіктер облыстың ауыл шаруашылығы субъектілері өнім өндіру көлемін тұрақты арт­тырып, өңірлік азық-түлік қауіп­сіз­­дігін қамтамасыз ету ісіне өз үле­сін қо­сып отыр. Қарағанды об­­­­­лысы ауыл шаруашылығы бас­қар­­ма­сы­ның деректеріне сүйенсек, биылғы жылдың сегіз айында өңір шаруа­лары 56,5 мың тонна ет, 143,5 мың тонна сүт, және 413 миллион да­на жұмыртқа өндіріп үлгерген. 

Бұл өткен жылмен салыс­тыр­ған­да, тұрақты өсім көрсетіп отыр. Ет өндірісіндегі өсім 105 пайыз­дан асқан, сүт өндіру 101 пайыздық ме­жені бағындырған. 

Ал егін алқаптарында жұмыс қауырт. Биыл облыс бойынша 914 мың гектарға жуық жерге дән се­білсе, оның басым бөлігі – бидай, ар­па және сұлы алқаптары. Ма­ман­дардың алдын ала болжамы бойын­ша, орташа түсім 10 центнерден ас­са, қамбаға бір миллион тоннаға жуық астық құйылады деп күтілуде. 

Картоп пен көкөніс егілген ал­қап­тарда да өсім бар. 14 мың гек­тар­дан астам жерге картоп егіліп, өнім­ділік гектарына 250 цент­нер­ден асып отыр. Бұл шамамен 370 мың тоннаға жуық өнім. Ал көкөніс да­қылдарынан алынған өнім кө­лемі 75 мың тоннадан асқан. 

Ауыл шаруашылығы бас­қар­масының мәліметінше, биылғы науқанға 1 976 астық жинайтын ком­байн мен жүздеген заманауи тех­ника жұмылдырылған. 8 айда аг­роөнеркәсіп кешеніне 38,9 мил­лиард теңге инвестиция тартылған. Оның басым бөлігі – 32 миллиард теңге ауыл шаруашылығы өндірі­сіне, қалғаны тамақ өнімдерін өн­діруге бағытталған. Қазір егіс да­ла­сында спутник жүйесіне қо­­­сылған комбайндар, GPS арқылы қозға­лы­сын бақылап отыратын тракторлар, өнім сапасын саралайтын элект­рон­­дық өлшеуіштер жұмыс іс­тей­ді. 

Облыс бойынша 31 жаңа жоба іс­ке асырылмақ, жалпы құны – 47,4 миллиард теңге. Мал шаруа­шы­лығында бордақылау алаңдары, сүт өңдеу цехтары мен агрокоопера­тивтер құрылып жатыр.

– Мемлекет тарапынан жаса­лып жатқан қолдау шаруаларға үл­­кен серпін беріп отыр. Қазір фер­­мерлер тек өнім өсірумен шек­тел­мей, оны өңдеуге, экспортқа шы­­ғаруға бет бұрды. Ең бастысы, ауыл­­дағы еңбек бағаланып, өз же­місін береді, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қа­ты­нас­тары басқармасы басшысы­ның орынбасары Сырым Бошпа­нов.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Қарағанды облысы