in

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты тағы бір дерек айтылды

Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайдың ісімен енді Бас прокуратура айналысады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, – деп жазды Aikyn.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Қазақстанның Қытайдағы елшілігі Ақжарқынмен кездесіп, жағдайын біліп отыр. Бірақ оның жазасын елге келіп өтеу туралы өтініші қашан орындалатыны белгісіз. 

Еске салайық, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Қытайда есірткі тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топтың мүшесі ретінде ұсталып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.