ҚазАвтоЖол Ақтөбе облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, – деп жазды Aikyn.kz.
«2026 жылғы 6 наурыз сағат 22:00-де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 965–1153 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қарабұтақ ауылы – Ырғыз ауылы) автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі», – делінген хабарламада.
Жолды 2026 жылғы 7 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
