in

Балаларды ұрып-соққан тәрбиешінің көмекшісі жұмыстан шығарылды

Астанада балабақша тәрбиешісінің көмекшісі балаларды ұрып-соғып жатқан бейнежазбасынан кейін жұмыстан шығарылды, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Іnformburo.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде келіншектің балабақшадағы балаларды ұрып жатқан бейнежазбасы жарияланып, кеңінен таралып кеткен. Таспадан ондай жағдайдың бір емес, бірнеше рет болғаны байқалады. Кейбір жағдайларда кішкентайларды соққыға жығып жатқанын ересек балалар көрсе де, оған араша түспеген. 

Оқиғадан кейін балабақша тәрбиешісінің көмекшісі жұмыстан шығарылды. 

“Оқиға фактісі бойынша мектепке дейінгі ұйым әкімшілігі барлық қажетті шараларды қабылдады. Тәрбиешінің көмекшісі тәртіптік жаза негізінде жұмыстан шығарылды. Материалдар Полиция департаментіне берілді. Қылмыстық іс жүргізу шеңберінде осы факті бойынша тергеу жүріп жатыр”, – деп хабарлады елорданың Білім басқармасының баспасөз қызметі.

Тағы бір мәліметке сәйкес, бейнежазба мемлекеттік балабақшада түсірілген.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от ⚡️ EGOV.PRESS (@egovpress)