in

Бетперде киген жігіт бір отбасыға емге қажет қаражат пен үй сыйлады (видео)

Бетперде киіп, қайырымдылық жасап жүрген жігіт мұқтаж отбасыға қуаныш сыйлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Отбасы мүшелерінің мүгедектігі бар. Жас ана Бегімайдың бір көзі көрмейді, ал оң көзінің көру қабілеті небәрі 2–3 пайыз ғана. Қызы эпилепсиямен ауырады. Күйеуі арбаға таңылған. Алайда ол такси жүргізушісі болып жұмыс істеп жүр. 

“Мен барлық қиындықтың артында бір қайыр болатынын білемін. Қызымның сырқатына да шүкіршілік етемін. Жаратқан бізді жақсы көргендіктен, күнә жасамас үшін осылай сынайды деп сенемін”, – дейді Бегімай.

Қайырымды жан бұл отбасыға емге қажет қаражат ұсынды. Сонымен қатар  қажылыққа жолдама, көлік және жаңа пәтердің кілтін табыстады.

Мұндай сый күтпеген отбасы мүшелері қуаныштан көз жасына ерік берді.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Человек в маске (@chelovekvmaskee)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM    арнасынан табасыз.