20-29 шілде аралығында Баку қаласында (Әзербайжан) экономика, қаржы және кәсіпкерлікке қызығушылық танытатын мектеп оқушыларына арналған әлемдегі беделді International Economics Olympiad (IEO) зияткерлік сайысы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Биыл олимпиадаға 55 елден 280-ге жуық қатысушы жиналды. Қазақстан құрамасы үздік нәтижемен әлемнің ең мықты командаларының қатарына енді және бизнес-кейс бойынша командалық кезеңде АҚШ, Жапония, Ұлыбританиядан келген қатарластарын басып озып, тамаша өнер көрсетті.
Батырхан Мұхтархан – Астана қаласындағы НЗМ-нің 10-сынып оқушысы;
Әділет Абзалиев – Астана қаласындағы НЗМ-нің 11-сынып оқушысы;
Нұрхан Тулеев – Астана қаласындағы НЗМ-11-сынып оқушысы;
Томирис Оспан – Алматы қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің 11-сынып оқушысы;
Құрмет грамотасы – Даниал Арыстан, Астана қаласындағы НЗМ-нің 11-сынып оқушысы.
Команда жетекшілері:
Руслан Мулдашев – Paradigm Shift ЖШС-ның қаржы директоры;
Айгүл Қарқұлова – «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары.
Оқушыларымызды, олардың ұстаздары мен ата-аналарын керемет нәтижемен және еліміздің беделін әлемдік деңгейде арттыруға қосқан лайықты үлесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Халықаралық экономика олимпиадасының (IEO) мақсаты – мектеп оқушыларының экономикалық және қаржылық сауаттылығын, кәсіпкерлік дағдыларын дамыту, сондай-ақ заманауи жаһандық экономиканың талаптарына сәйкес кәсіби бағдар беру. Олимпиада аясында қатысушылар жеке және командалық турларда күрделі аналитикалық тапсырмаларды орындайды, іскерлік ойындарға қатысады, қаржылық жоспарлау мен экономикалық модельдеу саласындағы білімдерін көрсетеді. Қазақстан бұл беделді халықаралық жарысқа 2018 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт ішінде ұлттық құрама 2 алтын, 5 күміс және 17 қола медаль жеңіп алды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.