5 қазанда Астана, Алматы мен Шымкентте күн қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 13 градусқа дейін көтеріліп, түнде 4 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,7 м/с.
Астанада күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 7 градусқа дейін көтеріліп, түнде 2 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 12,3 м/с.
Шымкентте бүгін күн ашық болады деп күтіліп отыр. Күндіз термометр бағанасы 15 градусқа дейін көтеріліп, түнде 7 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 4,6 м/с.
