in

Дубайдан ұшқан екі ұшақ Қазақстан азаматтарын Алматыға жеткізді

FlyDubai рейстері бүгін сағат 02:45 пен 06:23 аралығында 332 турист пен   жоспарлы жолаушыларды жеткізді. 13 маусымда Дубайдан ұша алмаған барлық туристер туроператорлар арқылы ҚР Туризм және спорт министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, ҚР елшілігі және «Туристік Қамқор» қорының үйлестіруімен қонақүйлерге орналастырылды. Қазіргі уақытта олардың ұшу мәселесі қарастырылып жатыр. Кейбір туристер бүгін түнгі рейстермен елге оралды.

Еске салайық, 13 маусымда Біріккен Араб Әмірліктерінен, атап айтқанда Дубай мен Абу-Дабиден Қазақстанға рейстер тоқтатылған болатын. Бұл шешім Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты қабылданды. Бұған дейін ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан әуекеңістігіне, сондай-ақ осы мемлекеттермен шектес аумақтар арқылы ұшуға тыйым салған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.