in

Дәрігерлер жарты келі шаш жұтқан қызды құтқарып қалды

Науқасқа ота жасаған мамандар мұндай жағдайдың алғаш рет кездескенін айтады.

Анасы қызының соңғы кезде тамаққа тәбеті нашарлап, өзін жайсыз сезініп жүргенін байқаған. Кейін емханада тексерткенде асқазанында әлдебір зат тұрғаны анықталыпты. Бір сағатқа созылған ота кезінде дәрігерлер оның ішінен бір уыс ұйысқан шашты алып шықты.

“Анасы 3-4 жыл бұрын байқаған. Негізі кішкентай кезінен тырнағын жейтін әдеті бар екен. Енді оны әрі қарай психологтар сөйлесіп шешеді ғой. Қазір енді науқастың жағдайы тұрақты. Әзірге тамақ ішпейді, қажетті емін алып жатыр, – дейді БҚО көпбейінді балалар ауруханасы хирургиялық бөлімнің меңгерушісі Әліби Төлегенов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.