in

Елімізде WorldSkills-2025 өңірлік чемпионаттары табысты өтті

2025 жылдың наурыз-маусым айлары аралығында Қазақстанның 20 өңірінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қатысуымен WorldSkills-2025 өңірлік чемпионаттары өтті, –  деп хабарлайды Aikyn.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмысшы мамандықтарын насихаттайтын ауқымды шараға барлығы 5 044 студент қатысып, олардың жұмысын 5 759 кәсіби сарапшы бағалады. Чемпионаттар 600-ге жуық колледж базасында ұйымдастырылды. Жалпы алғанда, 900-ден астам құзыреттілік қамтылды. Ең көп құзыреттілік ұсынылған өңірлер қатарында Ақтөбе (77), Ақмола (62), Батыс Қазақстан (60) және Қостанай (59) облыстары бар.

WorldSkills өңірлік чемпионаттары – жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, студенттердің кәсіби біліктілігін шыңдауға бағытталған маңызды алаң. Чемпионаттар аясында колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы байланыс нығайып, үздік қатысушылар дипломдар, медальдар мен арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.