Алматы қалалық перинаталдық орталығында ешқандай ЭКО-сыз, табиғи жолмен дүниеге келген үшем өмірге келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Орталықтың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, үш қыздың ата-анасы – Эльмира Рысманова мен Нұрмахан Голибаев.
«Отбасымызда 2019 және 2022 жылдары туған екі керемет егіз өсіп жатыр. Енді 2025 жылы үшем келді! Осылайша, бала саны онға жетті. Қалалық перинаталдық орталықтың акушер-гинекологтеріне, дәрігерлеріне және барлық мамандарына шын жүректен алғыс айтамын. Дәрігерлердің кәсібилігі мен қамқорлығының арқасында бәрі сәтті өтті», – дейді көпбалалы ана Эльмира Рысманова.
Медицина мамандары сәбилер мен ананың жағдайы жақсы екенін айтты.