Ертең Астанада оқушылар мен студенттер онлайн оқиды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы қалалық Білім басқармасы мәлім етті. Басқарма мәліметінше, ауа райына байланысты осындай шешім қабылданып отыр.
«2026 жылғы 12 наурыз күні ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюіне ) байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін де оқушылар мен студенттер ауа райына байланысты қашықтан оқыды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
