in

Жасанды интеллект мұғалімнің орнын алмастыра ма? – Асхат Аймағамбетов жауап берді (видео)

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Qasqa Jol YouTube-арнасына берген сұхбатында  жасанды интеллектінің білім саласына әсері туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Асхат Аймағамбетов жасанды интеллект мұғалімнің орнын баса алмайтынын жеткізді.

«Мұғалім тек білім беруші емес, ол психолог, ол бізде көмек беретін азамат, ол бізде тәрбиеші. Ал ЖИ жәй ғана құрал. Жасанды интеллект заманында керісінше ұстаздардың қадірі одан сайын артады. Интернетте түрлі видео, кітап бар. Алайда біз мұғалімнен бас тартпадық қой. Сондықтан жасанды интеллект мұғалімнің орнын алмастыра алмайды, мұны сеніммен айта аламын», – деqді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.