16 маусымда Астана, Алматы мен Шымкентте күн райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Алматыда аздаған жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 31 градусқа дейін көтеріліп, түнде 20 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,3 м/с.
Астанада өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 31 градусқа дейін көтеріліп, түнде 18 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 12,6 м/с.
Шымкентте де бүгін өткінші жаңбыр күтіледі. Күндіз 37 градусқа дейін ыстық болса, түнде термометр бағанасы 21 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 5,3 м/с.
