“Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жол-көлік оқиғасында қаза тапқан Жетісу облысы Полиция департаменті қызметкерлері – полиция майоры Арнұр Алханов пен полиция аға лейтенанты Шыңғыс Асылбековтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Олардың есімі әріптестерінің жадында мәңгі сақталады. Ішкі істер министрлігі марқұмдардың отбасына қажетті көмекті көрсетеді”, – делінген хабарламада.
Бұған дейін Жамбыл облысында екі полиция қызметкері жол апатына ұшырағанын жазған едік. Оқиға салдарынан 44 жастағы полиция қызметкері қаза тауып, екінші қызметкер жарақат алған болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.