in

Жетісу университеті Қытайдың үздік университетімен серіктестік орнатты

22 қыркүйекте Алматы қаласында өткен “Қытай-Қазақстан ЖОО ректорлар форумы” өтті. Форумға Қытайдың Сычуань провинциясының үздік төрт университеті мен Қазақстан тарапынан бірқатар жоғары оқу орындары қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Форум аясында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті мен Қытай Халық Республикасының Сычуань университеті арасында ынтымақтыстық туралы меморандумға қол қойылды. Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Ермек Бурибаев және Сычуань мемлекеттік университетінің ректоры Чжао Гохуа мырза арасында бірлескен қос дипломды білім беру бағдарламаларын жасақтау, студенттер мен оқытушылар арасында академиялық алмасу, ортақ ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Жетісу университеті ректоры Ермек Әбілтайұлы бұл ынтымақтастық екі елдің арасында орнаған және жыл сайын нығайып келе жатқан достық қарым-қатынастың жалғасы және осы жолда бірлесіп білім мен ғылымды дамыту басымдыққа ие екенін атап өтті. Сычуань университетінің ректоры Чжао Гохуа мырза, өз кезегінде, жасалған меморандумның болашақ мамандарды бірлесіп даярлауда, ғылымды жүзеге асыруға дайын екенін және қазақстандық студенттерді қолдап, оқу гранттарын бөлуге дайын екенін мәлімдеді.

Сычуань университеті 1896 жылы негізі қаланған және қазіргі таңда Қытайдың үздік 30 университеттерінің қатарына кіреді. Онда 55 000 астам студент білім алып, 5000 аса профессорлық-оқытушылық құрам еңбек етеді. Сычуань университеті математика, жаратылыстану, IT-технологиялар, педагогика  бағыттары бойынша бакалавр, магистратура мен докторантура бағдарламалары бойынша мамандарды даярлайды. Сонымен қатар жыл сайын Орта Азия елдерінің студенттеріне 150-ге жуық оқу гранттарын тағайындайды.