Ақнәр Гүлстан көз жұмған күні қасында болған тағы бір құрбысы Рана оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол бейнежазба жариялап, Ақнәрмен бір курста оқығанын атап өтті. Айтуынша, сол күні кешке Ақнәр, Дидар үшеуі кафеге, кейін Дидардың пәтеріне барған.
«Ақнәр өзі ішімдік сатып алуды ұсынды. Мен ауырып жүргеннен кейін аз ғана шампан іштім, біз биледік, көңіл көтердік. Залда отырып, Дидармен сөйлесіп отырғанбыз. Бір кезде Ақнәр орнынан атып тұрып айғайлай бастады. Оның көздері қызарып кетті. Біз оған жүгірдік. Ол мені еденге лақтырып, ұра бастады. Ол Дидарды шапалақпен ұрды. Ол айқайлады, біз оны тыныштандырдық. Ақнәр өз-өзіне қол жұмсағысы келді, біз оны ұстап отырдық. Сосын марқұм анамды тозақта деп айтты. Мен оны жақындарым жайлы ондай сөздерді естімеу үшін аузын қолыммен жауып отырдым. Содан кейін ол сүрелерді оқи бастады. Жын кіріп кетті ма деп ойладық. Біз оған не болып жатқанын түсінбедік», – дейді Рана.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от . (@imngimpfct)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.