Қуаңшылық салдарынан тамағын әрең тауып жүрген шаруалардың жанайқайына құлақ түрмесе болмайды, – дейді мамандар. Пілдерді егіс алқаптарына жақындатпау үшін жаңа технологиялар көмекке келді. Пілдер саны бойынша Зимбабве Оңтүстік Африкада Ботсванадан кейін екінші орында тұр. Елде бұл жануардың саны 100 мың шамасында. Оның 45 мыңы Хванге саябағын мекен етеді. Пілдер саны саябақ сыйымдылығынан 3 есе көп. Сондықтан сүтқоректілер азық таппай, егіс алқаптарын жиі шабуылдайды.
Енді мұндай жағдайларды болдырмау үшін мамандар пілдердің мойнына ДжиПиЭС қарғыбау тағып қоятын болды. Жануарлар ауылдарға қарай жақындаса, саябақ қызметкерлерінің телефонына ескерту келеді. Олар тұрғындарға қоңырау шалып, қауіп туралы хабарлайды. Ұялы байланыс жоқ өңірлерге велосипедпен жылдам жетіп, ескертеді. Сол кезде тұрғындар шулап, пілдерді үркітеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.