in

Майды «магнит» сияқты жабыстырып, ағзадан шығарып, семіздіктен арылуға көмектесетін микрогранула жасалды

Aikyn.kz америкалық newatlas.com сайтының материалына сүйеніп, табиғи заттардан жасалған микрогранулалардың семіздікті жоюға қалай көмектесетінін түсіндіреді.Кәдімге жасыл шай мен теңіз балдырларынан дайындалған өсімдік микрогранулалары тышқандардың арықтауына көмектескен. Олар майды ішекте ұстап қалу арқылы әсер ететінін қытайлық зерттеушілер дәләлдеді.

Ғалымдар мұндай микрогранулаларды семіздікті емдеуде «дәрісіз терапия» ретінде қарастыруда. Оның қазіргі қолданыстағы дәрілерге қарағанда жанама әсерлері әлдеқайда аз болуы мүмкін.

«Майға бай тағаммен қоректенген егеуқұйрықтардың ешқандай кері әсерсіз айтарлықтай арықтауы біздің көзқарасымыздың дұрыстығын үлкен деңгейде дәлелдеді», – дейді зерттеу авторларының бірі Юэ У New Atlas басылымына жазған хатында.

Семіздік – жаһандық денсаулық сақтау мәселесі және өлім-жітімнің төртінші себебі. Бүгінде ол әлем бойынша 890 миллионнан астам ересек адамға әсер етіп отыр. Оның басты себептерінің бірі – тағамдағы майдың шамадан тыс көп болуы. Қазіргі уақытта емдеудің кең таралған тәсілдеріне өмір салтын өзгерту, орлистат немесе семаглутид сияқты дәрілерді қолдану және бариатриялық хирургия жатқызылып келді. Алайда мұндай әдістер көбінесе бастапқы салмақтың 10%-нан аз төмендеуіне ғана әкеледі әрі жанама әсерлері көп.Юэ У жетекшілік еткен Сычуань университетінің ғалымдары жеуге жарамды өсімдік гранулаларын жасады. Олар Е дәруменін жасыл шайдағы полифенолдармен араластырып, маймен тиімді байланысатын «тұрақты» әрі «биосәйкес» наноқұрылымдар қалыптастырған. Кейін бұл гранулалар теңіз балдырларынан алынатын альгинат талшықтарымен қапталып, асқазанның қышқыл ортасынан қорғалды.

Тамақпен бірге түскен соң альгинат қаптамасы ішектің қышқылдығы төмен ортада кеңейіп, гранулалардың ішкі бөлігіне тағамдағы май тамшыларын жабыстыруға мүмкіндік береді. Бұл майдың ағзаға сіңуін тежеп, жиналған майды қауіпсіз түрде ағзадан шығарып тастайды.

Тиімділігін тексеру үшін ғалымдар тышқандарды үш түрлі диетамен тамақтандырған. Қалыпты, майы көп және майы көп әрі микрогранулалары бар диета. Нәтижесінде, микрогранула қабылдаған тышқандар салмағының 17%-дан астамын жоғалтқан. Сондай-ақ оларда май тіндері азайып, бауыр зақымдары жеңілдеген. Нәжіс талдауы олардың ішектерінде ыңғайсыздық байқалмай, майдың көбірек сыртқа шығарылғанын көрсеткен.

«Біз ағзадағы химиялық процестерді өзгертпей-ақ, майды дәрісіз ұстап қалатын «май магниті» рөлін атқаратын жеуге жарамды өсімдік гранулаларын жасадық», – дейді Юэ У.

Әзіл болса да мынадай жағдайлардан абай болыңыз: Зерттеушілер бұл гранулаларды әрі тағамдық қоспа, әрі құрылымданған терапия ретінде пайдалануға болатынын айтады. Жалпы, денсаулықты сақтау үшін оларды тамақ кезінде ішуге болатын қоспаға, басқаша айтқанда, «май магнитіне» айналдыруға болады. Ал семіздікке шалдыққан немесе бауырдың майлануына ұшыраған адамдар үшін олар жанама әсерлері аз дәрісіз ем болуы ықтимал.

Қазір У бастаған команда биотехнологиялық компаниямен және Қытайдың жетекші ауруханасымен бірлесіп, зертханадан клиникалық деңгейге көшіру жұмыстарын бастады. Қатысушылар саны 26 адам болатын алғашқы клиникалық сынақ басталып кетті. Нәтиже оң болса, жаңа терапия семіздікке ұшыраған миллиондаған адамның өмірін жеңілдетуі мүмкін. 

Зерттеу Cell Biomaterials журналында жарияланды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.