in

Маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес: Дезинсекция кезіндегі қауіпсіздік шаралары

Астанада маса мен шыбын-шіркейге және өзге де жәндіктерге қарсы кең ауқымды дезинсекциялық жұмыс жүріп жатыр. Жұмыс екі ауысымда өтеді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта қаладағы кіші және ірі су айдындары өңделіп бітті. Бұдан бөлек, қосымша 300-ге жуық су қоймасы мен батпақты аумақтар анықталып, дезинсекциялық өңдеуден өтті.

Аталған шаралар жәндіктердің санын азайтуға бағытталған. Жұмыс кешкі сағат 21:00-ден таңғы 04:00-ге дейін жүргізіледі және әр кезең айына 20 күнге созылады. Жалпы 6 кезең қарастырылған, қазіргі уақытта өңдеудің үшінші кезеңі басталды.

Жұмысқа арнайы дайындықтан өткен, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық алған кәсіби дезинфекторлар тартылған.

Кең ауқымды өңдеу барысында ПИК, басқарушы компаниялар, МИБ, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, құрылыс мекемелері, базарлар, сауда үйлері және өзге де ұйымдар жертөлелерді абаттандыру, құрғату және дезинсекциялық өңдеу арқылы бұл шараға белсенді атсалысуы қажет.

Дезинсекция кезінде мынадай қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды:
• Өңделіп жатқан аумаққа бармау;
• Өңдеу кезінде терезелерді жабу.

Бұған дейін жасалған дезинсекциялық жұмыстар туралы  Aikyn.kz сайтында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.