in

Маңғыстауда мұнай-газ компаниясының басшылары миллиондаған қаржы жымқырған

Өткен жылы Маңғыстау облысының прокуратурасы мұнай-газ кәсіпорындарында тексеру жүргізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық прокуратура мәліметінше, тексеру нәтижелері бойынша  West Oil Software  ЖШС қызметінде материалдық қамтамасыз ету саласындағы бұзушылықтар анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тергеу аясында кәсіпорында негізгі басшылық қызметтерді атқарған 3 адам ұсталды.

Сот шешімімен  кінәлілерге әртүрлі жаза түрлері тағайындалды.

Атап айтқанда, кәсіпорын басшыларының бірі бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сот үкімімен кінәлі деп танылып, 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.

Соттың қылмыстық істі мәні бойынша қаралу барысында сотталғандар 261 млн теңге көлемінде шығынды өтеген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.