Дмитрий Мунның айтуынша, осыған орай министрлік базасында арнайы штаб құрылған. Бұл цифрлық трансформацияны жеделдетуге сеп. Мәселен, бүгінде автоматты түрде тағайындалатын әлеуметтік көмектер тізімі кеңейген. Сонымен қатар жеке бас куәлігі мен жүргізуші куәлігін және электронды қолтаңбаны халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ ауыстыруға болады.
«eGov mobile сияқты мобильді қосымшалар мен E-өтініш секілді маңызды ресурстарды интернетсіз де қолжетімді етуге күш салып жатырмыз. Бұл отандық ІТ нарығын дамытады. Сондықтан тиісті шешімдер қабылдадық. Бұл «смарт бридж» сервистері мен мемлекеттік деректер базасын барынша ашық етеді. Әрине, қауіпсіздікті де қадағалаймыз », – деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун .
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз