in

Мүгедектігі бар зейнеткерлерге енді өз жұбайы жеке көмекші бола алады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүріп-тұруы қиын 1-топтағы мүгедектерге жеке көмекші қызметтерін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Енгізілетін өзгерістерге сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қағидаларда зейнеткерлік жасқа толған адамдар өз жұбайының (зайыбының) жеке көмекшісі бола алатын тәртіп реттелетін болады.

Сондай-ақ 1-топтағы мүгедектігі бар адамның және жеке көмекшісінің бір елді мекенде тұру қажеттілігін айқындайтын қосымша пункт пайда болады.

Бұйрық жобасы туралы ақпарат 2025 жылғы 11 тамызға дейін «Ашық НҚА» интернет-порталында қоғамдық талқылау үшін орналастырылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.