in

Саптағы сарбаздың бір күні

Нақтылай айтқанда, 10181 әскери бөлімінде біз оқу кор­пусын аралап, тренажер сы­ны­бын, ұшқышсыз басқары­ла­тын құрылғылар оператор­ла­рының практикалық сабақтарын, Т-72 және БМП-2 танктерінен жаттығу атыс­тарын көрдік. Одан басқа, ме­ханик-жүргізушілер мен зең­бірекші-танк операторларымен, жаяу әскердің жауынгерлік ма­ши­наларын дайындау процестерімен таныстық.   

Қару-жарақ пен әскери техни­ка­ны қысқы пайдалану кезеңіне дайындап жатқан жауынгерлік ма­шиналар паркінде сарбаздар ар­тиллериялық ұзын ұңғылы қару­ға техникалық қызмет көрсе­ту­мен айналысып жатыр. Нұс­қау­шының басшылығымен олар зең­біректің механизмдері мен түйін­дерінің майлануын, сондай-ақ жарамдылығын тексерді. 

Әскерде қолдау көп

Бөлім қонақтарына жеке құ­рам­ды моральдық-психология­лық қолдаудың қолданыстағы жүйесі туралы тәрбиеші-офи­цер­лер айтып берді. Журналистерге қа­рауылға түсер алдында сарбаз­дар­ға нұсқау беру және тәуліктік на­ряд ауысқаннан кейін психоло­гия­лық тренинг қалай өткізілетіні көр­сетілді. 

Абай облысының қорғаныс іс­тері департаментінің бастығы, пол­ковник Руслан Омаровтың ай­туынша, қазір Абай өңірінде күз­гі әскери шақырылым аясында 800-ге жуық жас сарбаз Отан ал­дын­дағы қасиетті борышын өтеп жүр. 

– Президентіміздің әскери-пат­риоттық тәрбие және әскери қыз­мет бойынша заңнамаға қол қоюы – жастардың елге деген сүйіс­пеншілігін арттыруға, азаматтық жауапкершілігін күшейтуге бағыт­талған маңызды қадам. Қазір жас­тар арасында патриоттық рухты оятуға арналған түрлі жобалар мен іс-шаралар жүзеге асырылуда. Мек­тептер мен колледждерде әс­ке­ри-патриоттық клубтар құры­лып, «Жас сарбаз» қозғалысы кең қа­нат жайып келеді. Сонымен қа­тар мемлекет тарапынан мер­зім­ді әскери қызметке шақы­рыл­ған азаматтарға бірқатар әлеу­мет­тік жеңілдік қарастырылған. Атап айтқанда, әскери борышын өтеген жас­тар ҰБТ нәтижесіне қара­мас­тан жоғары оқу орындарына түсу мүм­­­кіндігіне ие. Егер әскерге дейін белгілі бір жұмыс орнында ең­­бек еткен болса, әскери қыз­мет­­тен кейін сол жерге қайта қа­был­­­дану құқығы беріледі. Сондай-ақ әскери борышын өтеп кел­­­­гендер «отработкадан» босатылады. Бұдан бөлек, әскерде жүрген сарбаз­дар­дың банктегі несиелері тоқта­ты­лып, қаржылық ауыртпалықтан уа­қытша босатылады, – дейді пол­ковник.

Әскерде әлеуметтік қолдаумен қа­тар психологиялық қолдаудың да маңызы зор. Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары Арынғали Ақышевтің айтуынша, бү­гінде Қазақстан Қарулы Күш­терінде сарбаздардың моральдық-психологиялық тұрақтылығына, әс­кери ортаға бейімделуіне ерек­ше көңіл бөлінуде.

– Идеологиялық тұрғыдан біз сар­баздармен жүйелі түрде сабақ­тар өткіземіз. Бұл сабақтар мемле­ке­тіміздің стратегиялық мақсат­тары мен міндеттерін түсіндіруге ба­ғыт­талған. Ең бастысы – жа­уын­­герлердің рухын көтеріп, елге де­ген сүйіспеншілікті, патриоттық се­зімді қалыптастыру. Сонымен қа­тар сарбаздармен ашық диалог ор­натуға тырысамыз. Бірге оты­рып талдау жасаймыз, сұхбат құ­ра­мыз. Егер қандай да бір түсін­беу­шіліктер мен қиындықтар бол­са, сарбаздар еркін түрде бізге келіп айта алады. Біз көмекшілермен ақылдасып, мәселені бірге шешуге тырысамыз. Яғни, әскери ортада ашықтық пен сенім бар, – деді Арынғали Ақышев

Жаңа заман техникасы – дрон

Қазір бүкіл әлемде қорғаныс саласына дронды енгізу – негізгі талаптардың бірі. Қашықтан бас­қарылатын бұл құрылғылар елдің қауіпсіздігін күшейтетін бірден-бір құрал болып кетті. Аягөз гар­низонының 10181 әскери бөлі­мін­де сарбаздар дрондарды қол­да­нуды бейнеойындар арқылы үйреніп жүр. Мамандар бұл тәсіл жас жауын­герлердің шеберлігін арт­тыруға көмектеседі дейді.

– Қазір біз батареялық база ау­мағында DJI компаниясының дрондарымен жұмыс істеп жатыр­мыз. Осындай дрондар сатып алы­нып, солар арқылы тәжірибе­лік ұшулар жүргізіледі. Мұндағы басты мақсат – ұшқышсыз аппа­рат­тарды басқаратын әскери қыз­метшілердің практикалық ма­шы­ғын жетілдіру. Бұл заманауи тех­нологиялық өзгерістермен байланысты. Себебі қазіргі жастар заманауи құрылғылармен, ұялы телефондармен жұмыс істеуге бейім. Сол себепті оларды үйрету жеңілірек. Ал жасы үлкендеу сарбаздарға мұндай техниканы меңгеру қиынырақ болады. Ал жастар болса, азаматтық өмірде-ақ осындай техникамен таныс келеді, сондықтан олар тез үй­ре­ніп кетеді, – дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының сер­жанты Ержан Балтабаев.

Әскери өмірдің екінші қыры

Сарбаздардың бос уақыты қалай ұйымдастырыла­ты­нын да көрдік. Репетицияға қа­ты­сып, көркемөнерпаздардың кон­цертін тамашаладық. Бөлімнің мұра­жайын­да мұқият сақталған жәді­гер­лер, мұрағаттық құжаттар мен фо­тосуреттер көрсетілді. Осы уа­қыт­та спорт кешенінде ұлттық ме­­рекеге орай басшылық жауын­гер­лерге арнап спорттық сайыс, спарт­акиада ұйымдастырды.   

Аягөз гарнизонында тек сар­баздар емес, олардың отбасылары да белсенді өмір сүреді. Соның бір ай­ғағы ретінде әскери қала­шық­тағы «Әйгерім» би үйірмесін айт­сақ болады. Бір қызығы, би тобын­да тек әскери қызметшілердің ба­­лалары мен туыстары өнер көр­сетеді.

– Оңтүстік қалашықта өзі­міз­дің арнайы би студиямыз бар. Қазір 64 баламен тұрақты түрде жұ­мыс істеп жатырмыз. Әр аптаға толық жоспар жасалған. Балалар бел­гіленген күндер бойынша ке­ліп, биді үйреніп, жаттығулар өт­кізеді. Әрбір байқау сайын қаты­сып, үнемі жоғары нәтиже көр­­­­сетеміз. Тіпті көбіне тек гран-при жүлдесімен ора­­ламыз. Қазір би ұжы­мы түрлі  сайысқа қатысуға дайын­дық үстінде. Үйірмеге қатысу тегін, ал ата-ана­лар тарапынан үл­кен қолдау бар, – дейді үйірме же­тек­шісі.

Әскерге келгеніме өкінбеймін

Аягөз гарнизоны танк бри­га­дасының бөлімше командирі, сар­баз Дидар Алышевтің әскери қыз­меті аяқталуға жақын. Ол әс­кер қатарына келгенге дейін бұл өмір туралы мүлде басқа пікірде бол­ғанын айтады.

– Үйде жүргенімде әскер тура­л­ы әртүрлі ойда едім. Бірақ мұнда кел­ген соң көзқарасым түбегейлі өз­герді. Ешкім ешкімге қол көтер­мей­ді, барлығы тәртіпке бағына­ды. Бір жыл қалай өткенін байқа­май да қалдым. Бұл орта мені көп нәрсеге үйретті. Әскер ерте тұру­ды, әрбір іске ұқыптылықпен қа­рауды, жауапкершілікті сезінуді үй­ретті. Өз артымды жинап жүру, үл­кендерді сыйлау сияқты қара­пайым, бірақ маңызды дағдылар­ды бойыма сіңірді, – дейді Дидар.

Ол өз қатарластарына да әс­ке­ри борышын өтеуден қорық­пау­ға кеңес береді.

– Басқа жігіттерге де айтарым, әс­керге келіңдер. Мұнда барлық жағ­дай жасалған, тәртіп бар, орта тәр­биелейді, – дейді жас сарбаз.

Сарбаздардың қызықты әрі қар­қынды қызметі мұқият тамақтануды қажет етеді. Жур­на­листер Аягөз гарнизонының асха­насында болып, сарбаздардың ас мәзірімен танысты. Мұнда бәрі жүйе­лі түрде ұйымдастырылған: асхана кең, таза, тағам иісі тәбетті ашады. Әрбір сарбазға арналған порция мол әрі құнарлы.

Әскерилердің айтуынша, ас мә­зірі үнемі түрленіп отырады, та­ғам құрамында ет, көкөніс, же­міс-жидек және дәруменге бай өнім­дер бар.

Осылайша, журналистер Ая­гөз гарнизонында болып, сарбаз­дар­дың күнделікті өмірімен етене танысты. Таңғы саптан бастап, оқу-жаттығу, асханадағы тәртіп пен демалыс сәттеріне дейін бәрі жүйе­лі ұйымдастырылғаны бай­қал­ды. Әскери өмірдің өзіне тән қатаң тәртібімен қатар, рух пен жауапкершілікке толы атмосфера сезілді.

Әсет ҚАЛИ,

Астана – Аягөз – Астана