in

Сейсенбіде еліміздің мегаполистерінде күн 23 градусқа дейін жылынады

Астана, Алматы мен Шымкентте 7 сәуірде ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.

Бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз ауа температурасы 23 градусқа дейін көтеріледі, ал түнгі ауа температурасы 9 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 2,9 м/с болмақ.

Астанада, синоптиктердің болжамынша, күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 18 градусқа дейін жетсе, түнде 4 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 7,1 м/с болады.

Шымкентте бүгін өткінші жаңбыр жауады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 21 градусқа дейін жетеді, түнде 10 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 8,4 м/с деңгейінде болмақ.